Батыс Қазақстан облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

    “Қазақстан” теміржол вокзалы
    Фото: БҚО әкімдігі

    Ақсай қаласында толық жаңғыртылған "Қазақстан" теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды маңызды инфрақұрылымдық нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады. Аймақ басшысы жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асырған мердігер компания мен құрылысшыларға алғыс айтты.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тәуелсіздік жылдары елімізде алғаш рет теміржол вокзалдарын кең ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының тапсырысымен өңірдегі 4 теміржол нысанын жаңғырту басталды.

    Күні кеше жаңадан салынған Семиглавый Мар станциясын ашсақ, бүгін екінші бекетті пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік белсенділікті арттыруға және туристік әлеуетін нығайтуға оң әсер етеді", - деді Нариман Төреғалиев.

    Ақсай қаласында толық жаңғыртылған “Қазақстан” теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті
    Фото: БҚО әкімдігі
    “Қазақстан” теміржол вокзалы
    Фото: БҚО әкімдігі
    Теміржол вокзалы
    Фото: БҚО әкімдігі
    1/3

    90 жылдық тарихы бар "Қазақстан" вокзалын жаңғырту жұмыстары аясында ғимарат толық жаңартылып, заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Сонымен қатар 2 перрон мен вокзал маңындағы көпір қалпына келтіріліп, инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылды. Айнала абаттандырылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

    Нариман Төреғалиев
    Фото: БҚО әкімдігі

    Батыс Қазақстан облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram