Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс уақытша шектелді
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтожолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компанияның мәліметінше, қайта жаңарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 маусым сағат 17:00-ден бастап Ақтөбе облысындағы "Самара – Шымкент" автожолының 763-773 шақырым аралығында ("Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" учаскесі) қозғалыс уақытша шектелген.
"Шектеу Хромтау қаласы бағытына қарай жолдың оң жақ жүру бөлігінде қолданылады.
Көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолмен ұйымдастырылып, әр бағытқа бір жолақтан қозғалыс қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтожол" жүргізушілерді уақытша жол белгілері талаптарын қатаң сақтап, жылдамдықты төмендетіп, жолда барынша мұқият болуға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2393605-aqtobe-oblysynda-respublikalyq-mangyzy-bar-avtozholda-qozgalys-uaqytsha-shekteldi/