Риддерде экстремалды мотоспорт фестивалі басталды

    мотоспорт фестивалі
    Фото: Риддер әкімдігі

    Бүгін Риддер қаласында спортшыларды, мотоспорт әуесқойларын және Қазақстанның әр өңірі мен шетелден келген қонақтарды біріктірген алғашқы халықаралық Ridder Extreme Enduro экстремалды мотоспорт фестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігі.

    Фестивальдің жарқын бастамасы Республика алаңында өткен райдерлердің әсерлі көрсетілімдерімен ерекшеленді. Кәсіби шеберліктерін паш еткен спортшылар көрермендерге ерекше әсер, адреналинге толы көңіл күй сыйлады.

    мотоспорт фестивалі
    Фото: Риддер әкімдігі

    Алдағы үш күнде қатысушыларды Алтайдың таулы аймақтарындағы күрделі жарыс жолдары, тартысты бәсеке, әсерлі спорттық сәттер және мазмұнды фестиваль бағдарламасы күтуде.

    мотоспорт фестивалі
    Фото: Риддер әкімдігі

    Ridder Extreme Enduro – бұл тек ауқымды спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Риддер қаласының экстремалды туризм мен халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралар өтетін орталық ретіндегі беделін арттыруға бағытталған маңызды жоба.

    мотоспорт фестивалі
    Фото: Риддер әкімдігі

    "Барлық қатысушыға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңістер, ал қала қонақтарына Риддерден ұмытылмас әсер тілейміз!" - делінген хабарламада.

    мотоспорт фестивалі
    Фото: Риддер әкімдігі

    Риддерде экстремалды мотоспорт фестивалі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram