Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Каспий теңізінде жоғалған жас жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр

    Теңіз бен күн
    Теңіздің толқыған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Каспий теңізінде шомылып жүріп жоғалған жас жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр. Оны іздестіру-құтқару жұмыстарына 40-тан астам маман жұмылдырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында арнайы жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 1999 жылы туған азамат суға батып кеткен. Оны іздестіру-құтқару жұмыстары төрт күннен бері үздіксіз жүріп жатыр.

    Теңіздегі қатты толқынға және ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар мен сүңгуірлер акватория мен жағалау аумағын тексеруде. Іздестіру жұмыстары құбылмалы гидрометеорологиялық жағдайларға, су астындағы көру жағдайларының шектеулі болуына, ағысқа және зерттеліп жатқан аумақтың ауқымдылығына байланысты қиындаған.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 40-тан астам маман, жүзу құралдары, арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сүңгуірлік жабдықтар, ТЖМ авиациясы, Маңғыстау облысы ТЖД, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті және "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары жұмылдырылған.

    "Іздестіру жұмыстары су бетінде, әуеден және жағалауда жүргізілуде. Сүңгуірлер тобы оқиға болған аумақтағы теңіз түбі мен жағалау маңындағы акваторияны кезең-кезеңімен тексеруде. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Өңір тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - дейді ТЖМ өкілдері.

    Каспий теңізінде жоғалған жас жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram