Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматының бір ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

    Алматы көшесі
    Алматы көшесі. Иллюстрациялық фото: Алматы әкімдігі

    25 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жаңа схемаға сәйкес мына көшелерде біржақты қозғалыс ұйымдастырылады:

    • Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта;
    • Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта – шығыс бағытта;
    • Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта.

    Басқарманың мәліметінше, бұл өзгерістер көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдетуге, кептелісті азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданған.

    "Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Медеу ауданында Достық даңғылының Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта және Зенков көшесінің Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілген болатын.

    Сондай-ақ Әуезов ауданындағы Атамекен көшесінің (Атамекен шағынауданы) №103 үйден №108 үйге дейінгі бөлігінде де оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілген еді.

    Алматының бір ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram