18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қол-аяғын байлап, қамап ұстаған": Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көргенін айтты

    жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау облысында 90 жастағы ақсақал өз ұлынан қиянат көргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қарияның туған баласынан қорлық көргені туралы ақпарат Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланды.

    "Атырау облысының 90 жастағы тұрғыны туған ұлынан қорлық көргені себепті терезеден қашып кеткен.

    Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында егде жастағы адамға жасалған қатыгездіктің мән-жайы тексерілуде.

    Туыстарының сөзінше, 90 жастағы қария ағайынының үйіне пана іздеп келген. Ақсақалды өз үйінде қамап ұстаған. Ақсақал не тамақ, не су ішпегенін, сыртқа шығуға рұқсат берілмегенін және қашып кетпес үшін қол-аяғы байланғанын айтты", - делінген жазбада.

    Ақсақалдың туыстары зейнеткер өз бетімен босанып шыққанын жеткізді. Олардың айтуынша, 90 жастағы қария қайшы тауып алып, скотчты кесіп, сол түні үйден терезе арқылы қашып шығып, туысының үйіне жетіп, көмек сұраған.

    Атырау облыстық полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 19 маусымда "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Қазіргі уақытта барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

    Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деді Атырау облысы ПД өкілдері.

    "Қол-аяғын байлап, қамап ұстаған": Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram