Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алдағы күндері ел аумағында 42 градусқа дейін аптап ыстық, қатты жаңбыр күтіледі

    Жаңбырлы күн
    Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Uma Shankar sharma/Getty Images

    Синоптиктер 25-27 маусым аралығында Қазақстан күн райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайды.

    Осыған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауыл күтіледі.

    25 маусымда Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде, 25-26 маусымда шығысында, 26-27 маусымда батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

    Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, күндізгі ауа температурасы +23...+28°С-қа дейін төмендейді.

    Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38°С шамасында сақталып, жекелеген аудандарда +40...+42°С-қа дейін аптап ыстық болады.

    Алдағы күндері ел аумағында 42 градусқа дейін аптап ыстық, қатты жаңбыр күтіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram