Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Аптап ыстық басылмай тұр: 24 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

    Ыстық ауа райы
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ертең, 24 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде аптап ыстық болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Талдықорғанда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

    Атырауда аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс батысқа алсады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс батысқа алсады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс батысқа алсады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

    Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

    Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жезқазғанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

    Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының солтүстігінде жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

    24 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Шымкентте түнде және таңертең өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Түркістанда түнде және таңертең өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Аптап ыстық басылмай тұр: 24 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram