Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    184 қазақстандық түскен: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

    Студент. Иллюстративное фото:
    Студент. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    230-дан астам қазақстандық "Болашақ" және "Ғылыми тағылымдар" бағдарламаларының аясында шетелде білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ие болды, деп хабарлайды Bolashak News-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандықтар үшін әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарына жол ашатын "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша конкурс өз мәресіне жетті.

    "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының 184 азаматына "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның ішінде 137 азамат магистратура бағдарламалары бойынша, 10 азамат докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болса, 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді.

    Сонымен қатар 51 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.

    Республикалық комиссияның отырысында "Болашақ" бағдарламасы аясында бакалавр дәрежесін алуға үміткерлерге арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және халықаралық орындаушылар конкурстарының тізбесі бірқатар халықаралық орындаушылар конкурстарымен толықтырылды.

    Грант иегерлерінің тізімі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның ресми сайтында жарияланды. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

    184 қазақстандық түскен: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram