Қазақстандықтар шілдеде Астана күніне орай қанша күн демалады
Жарияланған күні:
Читать на русском
2026 жылы Қазақстанда Астана күні дүйсенбіге түседі, сондықтан кейбір тұрғындар шілдеде қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
eGov порталында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде аталып өтетін Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 шілдеден 6 шілдеге дейін қатарынан үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тек 5 және 6 шілдеде ғана демалады.
Бұған дейін шілдеде аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары жалпы алғанда тоғыз күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалатынын жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2391009-qazaqstandyqtar-shildede-astana-kunine-orai-qansha-kun-demalady/