РОСКИНО ТМД елдерінің "Орталық Азия+" кинофорумын өткізеді
Жарияланған күні:
2026 жылғы 24–25 маусымда РОСКИНО Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен Қазақстанның Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің "Орталық Азия+" кинофорумын ұйымдастырады, деп хабарлайды кинофорум өкілдері.
Ауқымды іс-шара Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығы аясында өтеді.
Кинофорумға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 20-дан астам спикер қатысады.
Іс-шара бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы Достық үйінде (Төле би көшесі, 40) ТМД-ның алты елінің ұлттық киностудияларының жетекші өкілдері қатысатын бірқатар іскерлік сессияларды қамтитын кеңейтілген іскерлік бағдарлама өтеді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы "Арман" кинотеатрында (Достық даңғылы, 104) қатысушы елдердің түрлі жанрдағы фильмдері көрсетіледі.
"Орталық Азия+" кинофорумы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы мәдени өзара ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған маңызды оқиғаға айналады. Бұл форум ынтымақтастықты нығайтуға, кинематография саласындағы ортақ бастамаларды дамытуға ықпал етеді, мәдени мұраның байлығын айшықтайды, сондай-ақ әр елдегі киноиндустрияның дамуына серпін беретін тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналады", – деді Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой.
"Орталық Азия+" форумы ТМД-ға қатысушы елдер үшін кинематографияны дамытуға бағытталған ашық әрі нәтижелі диалог алаңына айналады. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның киноиндустрия өкілдері мәдениетаралық ынтымақтастық аясындағы бірлескен бастамаларды талқылауға мүмкіндік алады", – деп атап өтті РОСКИНО-ның бас директоры Эльза Антонова.
Ресей Федерациясының делегациясы құрамында РОСКИНО-ның бас директоры Эльза Антонова, Отандық кинематографияны әлеуметтік және экономикалық қолдау жөніндегі федералдық қордың (Кино қоры) атқарушы директоры Федор Соснов, "Санкт-Петербург деректі фильмдер студиясы" ("Лендок") бас директорының орынбасары Елена Дементова, "Мосфильм" киноконцернінің халықаралық байланыстар және прокат қызметінің басшысы Елена Орел және режиссер Игорь Волошин қатысады.
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрағасы Құрманбек Жұмағали және өзге де сала өкілдері бар.
Қырғыз Республикасы делегациясының құрамында "Қырғызфильм" ұлттық киностудиясының директоры Максат Жұмаев, "Қырғызтасмасы" мемлекеттік киноорталығының директоры Улукбек уулу Бегалы, "Қырғызсериал" шығармашылық-өндірістік бірлестігінің директоры Эрмек уулу Амантур, Қырғызстан кинематографистер одағының төрағасы, Қырғызстанның халық әртісі Бусурман Одуракаев бар.
Тәжікстан Республикасы атынан "Точикфильм" директоры Махмадсаид Шохиен қатысады.
Түрікменстан делегациясын "Түрікменфильм" бірлестігінің төрағасы Мамметназар Сапармырадов бастап келеді.
Өзбекстан Республикасы делегациясының құрамында Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігінің Халықаралық кинематографияны дамыту орталығының жетекшісі Сайера Худайбердиева, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы Сайфулло Раджабов, режиссерлер Хилол Носимов пен Жамолиддин Кузибоев бар.
ТМД-ға қатысушы елдердің кинофорумының Достық үйіндегі іскерлік бағдарламасы:
2026 жылғы 24 маусым
- 10:00-12:00 – "Ресей мен Орталық Азия елдерінің киноиндустриясы қазіргі экономикалық және мәдени кеңістікте" тақырыбындағы іскерлік сессия
- 16:30-22:30 – Кинофорумның ашылу салтанаты және қатысушы елдердің ұлттық фильмдерінің көрсетілімі
2026 жылғы 25 маусым
- 10:00-12:00 – "Ресей мен Орталық Азия елдерінің киносы: халықаралық ілгерілетудің заманауи тетіктері" тақырыбындағы іскерлік сессия
- 16:00-20:00 – қатысушы елдердің ұлттық фильмдерінің көрсетілімі
"Арман" кинотеатрындағы бағдарлама:
2026 жылғы 24 маусым
№ 1 зал
- 16:30 - Кинофорумның ашылу салтанаты
- 17:30 – "Буратино"
- 20:15 – "Тағдыр ағашы"
№ 2 зал
- 18:00 – "Ладога періштелері"
- 21:15 – "Қаһар жолы",
2026 жылғы 25 маусым
№ 1 зал
- 16:00 – "Күннің дәмі"
- 18:50 – "Паралимпиашы"
№ 2 зал
- 18:30 – "Жұмақ ананың табанының астында"
"Орталық Азия+" кинофорумы қатысушы елдер арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастық пен диалогты нығайтуға бағытталған. Бұл ТМД елдерінің киноиндустриясын да, бірлескен киноөндірісті де жан-жақты дамытуға, сондай-ақ мемлекеттеріміз үшін ортақ әрі маңызды құндылықтарды ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Форум осындай форматтағы алғашқы ауқымды іс-шара болмақ.
Анықтама
РОСКИНО - халықаралық фестивальдер мен кинонарықтарда Ресейдің аудиовизуалды контент индустриясын таныстыратын мемлекеттік ұйым. Компания акцияларының 100 пайызы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттікке тиесілі. 2024 жылы компания өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. РОСКИНО – тарихы 1924 жылдан бастау алатын "Совэкспортфильм" ұйымының құқықтық мұрагері. www.roskino.org
*PR құқығында
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2390727-roskino-tmd-elderining-ortalyq-aziia-kinoforumyn-otkizedi/