Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда LRT құрылысы басталады: көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

    Момышұлы көшесі
    Момышұлы көшесі. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда LRT құрылысының басталуына айланысты Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады.

    "Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.

    Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысы қиындауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады", - делінген хабарламада.

    Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жеңіл рельсті көліктің бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді.

    Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы – 18,3 шақырым.

    Алматыда LRT құрылысы басталады: көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram