Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Димаш Құдайберген астаналық түлек – "Алтын белгі" иегеріне тосынсый жасады

    Максим Цой
    Максим Цой. Фото: Астана әкімдігі

    Әйгілі әнші Димаш Құдайберген "Алтын белгі" иегері, астаналық түлек Максим Цойды қуантты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кеше, 18 маусымда Астана қаласының мектеп түлектеріне аттестаттар салтанатты түрде табысталған. Елорданың 16 мыңнан астам түлегі мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан.

    Түлектерге арналған мерекелік іс-шара барысында №83 мектеп-лицейінің 11-сынып түлегі, "Алтын белгі" иегері Максим Цойға белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің сыйлығы табыс етілген.

    Максим бұған дейін 25 мамырда өткен соңғы қоңырау салтанатында ұстазымен бірге би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар жас түлектің өмірге деген құштарлығы, белсенділігі мен ұстазына деген құрметі әлеуметтік желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болған.

    Осы орайда Димаш Құдайберген жас түлекке арнайы сыйлық жолдап, ноутбук тарту еткен.

    Максим әншінің бұл сыйын білім жолындағы еңбегі мен табандылығы үшін көрсетілген құрмет деп бағалаған. Ал тосынсый жас түлектің аттестат алған күніндегі қуанышын еселей түскен.

    Димаш Құдайберген астаналық түлек – "Алтын белгі" иегеріне тосынсый жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram