Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Күштік құрылым басшыларының фотосуреттерін пайдаланады: ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

    ҚР ІІМ қызметкері
    ҚР ІІМ қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, кейінгі уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесуде.

    "Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды", - делінген хабарламада.

    ІІМ алаяқтардан сақтану үшін мынадай кеңестер береді:

    • Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеу.
    • Ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеу.
    • Күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау.

    "Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер", - деп ескертеді ІІМ өкілдері.

    Күштік құрылым басшыларының фотосуреттерін пайдаланады: ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram