Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту туралы тапсырма берді

    Әскери техника
    Әскери техника. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Президент қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды Aqorda.

    Министр президентке қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді.

    Президенттің баспасөз қызметі Қосанов әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндағанын хабарлады.

    "Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді.

    Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

    Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда "Айбын – 2026" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге мемлекет басшысы министрге қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

    Тоқаев Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту туралы тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram