Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Белгілі қазақстандық сәулетші Алмас Ордабаев өмірден озды

    Алмас Ордабаев
    Алмас Ордабаев. Фото: Джамиля Стехликова/facebook

    Белгілі қазақстандық сәулетші, дизайнер және сәулет тарихын зерттеуші Алмас Баймұханұлы Ордабаев 89 жасына қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды оның қызы Жәмилә Стехликова жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Марқұмның қызы бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

    "Бүгін менің әкем Алмас Ордабаев өмірден озды. Мен үшін ол өмір сүру мен өмірмен қоштасудың үлгісі болып қалады. Алдыңгүні жары Ольгаға қоштасатынын айтып, өзінің соңғы картиналарын қолтаңбасын қалдырды. Кеше менімен қоштасты. Бүгін Прагадағы немерелерімен қоштасты, соңғы рет қол бұлғады. Күлімсіреп, жақсы көретінін айтты. Жарты сағаттан соң ана өмірге аттанды", - деп жазды ол.

    Алмас Ордабаев 1959 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс институтының сәулет факультетін, ал 1962 жылы Қазақ политехникалық институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1960-жылдардың басында белгілі сәулетші Николай Рипинскийдің жетекшілігімен «Қазқалақұрылысжоба» институтында бастаған.

    1975-1976 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бейнелеу өнері және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімін басқарды. Осы кезеңде ол Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборы мен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. Кейін бұл жобалар туралы естеліктерін «Власть» редакциясына берген бейнедәрістерінде баяндаған.

    1980-жылдары Алматыдағы "Самал" ықшамауданын жобалау жұмыстарына атсалысты.

    Алмас Ордабаев ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысты. Қазақ политехникалық институтының сәулет кафедрасында дәріс оқып, философия кафедраларында мәдениеттану пәнінен сабақ берді. Сондай-ақ Каспий университетінің сәулет және дизайн кафедрасының профессоры болды.

    Белгілі қазақстандық сәулетші Алмас Ордабаев өмірден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram