Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    АҚШ-та 24 жастағы қазақ жігіті жоғалып кетті: жақындары үндеу жасады

    Әсет Құралбай
    Әсет Құралбай. Фото: threads.com/@bostonglobe2

    Treads әлеуметтік желісінде АҚШ-та қазақстандық азамат - 24 жастағы ер адам жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Туыстары қандай да бір ақпарат білетіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіде @bostonglobe2 нигімен тіркелген пайдаланушы АҚШ-та қазақ жігіті жоғалып кеткенін жазды.

    "Қазақстан азаматы Әсет Құралбай жоғалып кетті. Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бері телефоны қолжетімсіз. Үйде балалары мен банк карталары қалған.

    10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) көлігін тапқан, алайда Әсеттің қайда екені әлі де белгісіз.

    Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, хабарлаңыздар", - деп жазды ол.

    АҚШ-та 24 жастағы қазақ жігіті жоғалып кетті: жақындары үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram