Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда желіде бәйәдеп сөйлеп, біреуді балағаттағаны үшін айыппұл салуды көздейтін заң әзірленуде

    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Премьер-министр Олжас Бектенов желіде бейәдеп сөздер қолданатындар мен біреуді балағаттайтындарға айыппұл салу туралы түзетулер дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәжіліс депутаттары премьер-министр Олжас Бектеновке қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетіне қатысты сауал жолдады.

    Оған себеп болған жағдай – трансформациялық тренингтердің бірінде түсірілген атышулы бейнежазба, онда адамдар тобы "психологиялық практика желеуімен" көпшілік алдында балағат сөздер қолданған.

    Содан кейін депутат Нұрсұлтан Байтілесов қоғамдық семинар-тренингтер және дәріс ұйымдастырушыларына қойылатын нақты этикалық талаптар мен нұсқаулықтарды әзірлеу мүмкіндігін, оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауды ескере отырып пысықтауды ұсынды.

    Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында "Онлайн платформалар мен масс-медиаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленгені айтылған. Бұл заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жоғарыда аталған 434-бабын толықтыру арқылы азаматтарға онлайн платформаларда бейәдеп сөйлегені үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді көздейді.

    Заң жобасын заң шығарушы орган биыл қарайды және маусымда талқылауға ұсыну жоспарлануда.

    Үкімет басшысы қоғамдық тренинг ұйымдастырушыларына арналған нақты этикалық талаптар мен нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысты кәсіби жаттықтырушылардың біліктілігіне, құзыреттілігіне, біліміне, дағдыларына және этикалық қағидаларына қойылатын талаптар 25 желтоқсанда күшіне енген №409 "Коуч қызметі" кәсіби стандартымен белгіленгенін атап өтті.

    Қазақстанда желіде бәйәдеп сөйлеп, біреуді балағаттағаны үшін айыппұл салуды көздейтін заң әзірленуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram