18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ахмет Байтұрсынұлының жиені 91 жасында дүние салды

    Жазушы Елдос Тоқтарбай және Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман Байсалова
    Жазушы Елдос Тоқтарбай және Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман Байсалова.Фото: hreads.com/yeldos_alash

    Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Threads желісінде жазушы Елдос Тоқтарбай жазды.

    "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман апа Байтұрсынова-Байсалованың уақыты жетіпті. Рухына әл-Фатиха. Жүзінен нұр төгіліп тұратын жан еді. Аяулы еді. Асылдың сынығы еді", - деп жазды жазушы Елдос Тоқтарбай.

    Madeniportal.kz порталының мәліметінше, Айман Қабиденқызы 1936 жылдың 14 наурызында туған. Ол – Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа бауырына салған Шолпанның қызы. Қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде 1 жыл 7 айына дейін нағашы атасы Ахмет пен әжесі Бадрисафа, өзінің әке-шешесімен бірге тұрған.

    Арнайы кәсіптік училищені тігінші мамандығы бойынша бітірген. Медицина саласында зертханалық курстан өтіп, 37 жыл бойы зертханашы болып жұмыс істеген. 1993 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.

    Атасы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттауға арналған республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысып келген.

    "Еңбек ардагері" (1990) және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы" (2015) мерекелік медальдарымен марапатталған.

    Ахмет Байтұрсынұлының жиені 91 жасында дүние салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram