"Қатты ыстық, нөсер, найзағай": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
13-14 маусымда Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, еліміздің батыс, оңтүстік өңірлерінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз бүкіл кезең бойы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы +35...+38°С дейін көтеріледі.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2387844-qatty-ystyq-noser-naizagai-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/