Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қайрат Сатыбалдыұлының баласына тиесілі болған базар Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін

    "Байсат"
    "Байсат". Фото: e-auction.e-qazyna.kz

    Бұрын Қайрат Сатыбалдыұлының ұлына тиесілі болған "Байсат" базары қала әкімдігіне берілуі мүмкін. Ол аукционға қайта шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтен "Байсат" базарын сатып алушы неге әлі табылмағанын, егер ол сатылмай жатса, қандай шара қолданылатынын сұрады.

    "Оның сатылмау себебі, бәлкім, сұраныстың жоқтығы немесе инвесторлардың соншалықты көп ақша болмауына байланысты шығар.

    Егер сатылмай жатса, базарды Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беруді қарастыруға болады деп ойлаймын", - деді Әділбеков.

    Айта кетейік, "Байсат" базары аукционға қайта шығарылды. Ол 18 маусымға жоспарланып отыр. Бастапқы бағасы - 26 706 317 643 теңге.

    Қайрат Сатыбалдыұлының баласына тиесілі болған базар Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram