Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

    Ұлытау облысының әкімдігі
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Жезқазғанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының "Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір" тақырыбындағы көшпелі президиум отырысы өтті.

    Жиында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары талқыланып, минералдық шикізатты кешенді өңдеу, геологиялық барлау мен металлургияны цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және агроөнеркәсіп саласын ғылыми сүйемелдеу мәселелеріне басымдық берілді.

    Ұлытау облысының әкімдігі
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Отырыс барысында ғылым жетістіктерін өндіріс пен экономиканың нақты секторына енгізу тетіктері қарастырылып, қытайлық ғылыми ұйымдармен технологиялар трансферті, жасанды интеллектті пайдалану және заманауи геологиялық зерттеу әдістерін енгізу бағыттары талқыланды.

    Ұлытау облысының әкімдігі
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Іс-шара қорытындысында Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуын жеделдетуге арналған қарар мен бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

    Ұлытау облысының әкімдігі
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы "Kazakhmys Barlau" геологиялық кластері базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өңірлік форсайт-орталығы ашылды.

    Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram