Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

    Әл-Фараби даңғылы
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Маусымда Алматының үш ауданында жерасты газ құбырын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты кей учаскелерде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды "QazaqQaz Aimaq" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымда Медеу және Бостандық аудандарында орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

    Жаңғырту жұмыстары Луганский көшесінен әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы бойымен Қаратаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1154 метр учаскені қамтиды.

    Осыған байланысты әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде автокөлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізіледі.

    Жұмыстар жолдың төрт учаскесінде бір мезгілде басталады:

    • Falcon City тұрғын үй кешені алдында (335 қ.м.)
    • Ritz-Palace сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы (471 қ.м.)
    • Меңдіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылы арасында (166 қ.м.)
    • Померанцев көшесі мен Қаратаев көшесі арасында (162 қ.м.)

    Сондай-ақ Жароков көшесінде де қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл жерде жаңғырту жұмыстары жалпы ұзындығы 1861 метр болатын учаскені қамтиды – Қарасай батыр көшесінен Жароков көшесінің шығыс жағы бойымен Мыңбаев көшесіне дейін.

    "Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram