Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ресейден әкелінген төрт жолбарысқа есім берілді

    жолбарыс
    Ресейден жеткізілген жолбарыс. Фото: Экология министрлігі

    Мамырдың соңында Ресейден Қазақстанға төрт Амур жолбарысы жіберілген еді. Экология министрлігінің өкілдері жануарлардың жаңа жағдайға бейімделу кезеңінен қалай өтіп жатқанын және оларға қандай есім берілгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомстоның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді:

    • аталық жолбарыс — Амур;
    • аналық жолбарыс — Үміт;
    • еркек күшік — Тұран;
    • ұрғашы күшік — Уссури.

    Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде.

    "Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда", - делінген хабарламада.

    Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Одан бұрын жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ресейден әкелінген төрт жолбарысқа есім берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram