Сейсенбіде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн бұзылады: синоптиктер ескерту жасады
Жарияланған күні:
Ертең, 9 маусымда ел астанасы мен 17 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 9 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан солтүстік-батыс ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Астанада 9 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады, бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 9 маусымда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 9 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2385933-seisenbide-qazaqstannyng-barlyq-derlik-ongirinde-kun-buzylady-sinoptikter-eskertu-zhasady/