Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    37 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнде елімізде күн райы қандай болады

    аспан
    Аспан. Көрнекі фото: pexels.com

    "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан бойынша 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елде аптап, кей өңірлерде жаңбыр мен бұршақ күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді. Соған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

    9-11 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

    Аталған күндері шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

    Күндізгі ауа температурасы:

    • еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;
    • солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;
    • солтүстік-шығысында және орталығында аптап аздап бәсеңдеп, +25...+33°С болады;
    • елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы +27...+35°С шамасында сақталады;
    • шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады.
    37 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнде елімізде күн райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram