Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Желідегі "қауіпті дос": ІІМ ата-аналарға жаңа қауіп туралы ескертті

    Телефон ұстаған жасөспірім қыз
    Телефон ұстаған жасөспірім қыз. Иллюстрациялық фото: exels.com

    Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, онлайн-груминг – бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі.

    Ал онлайн-грумер – бұл кәмелетке толмаған баламен интернет арқылы әдейі байланыс орнатып, оның сеніміне кіріп, кейіннен зиян келтіруді мақсат ететін ересек адам.

    Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады. Қаскөй сенімге кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін.

    "Қаскөй бала үшін "жақын досқа" айналуға тырысады: күн сайын хабарласып, ерекше көңіл бөледі, оның жеке өміріне, ішкі уайымдарына қызығушылық танытады. Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады.

    Одан соң қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптардағы әңгімелерге көшуді сұрайды. Сонымен қатар мұндай әңгімелердің қалыпты жағдай екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етуі немесе психологиялық қысым көрсетуі мүмкін", - деп ескертті полиция өкілдері.

    Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады:

    • Интернетте бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;
    • жеке деректерді, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірін, оқу орнын және басқа да құпия ақпаратты жарияламау;
    • бейтаныс желі пайдаланушыларына фотосуреттер мен бейнежазбаларды жібермеу;
    • әңгімелесуші интимдік сипаттағы сұрақтар қойса немесе хат алмасуды құпия сақтауды сұраса, онымен сөйлесуді бірден тоқтату;
    • күмәнді аккаунттарды бұғаттау;
    • интернеттегі кез келген күмәнді адамдар туралы дереу ата-анаға хабарлау.

    ІІМ ата-аналарды балаларымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үнемі талқылап отыруға және олардың онлайн-белсенділігіндегі өзгерістерге назар аударуға шақырады.

    Желідегі "қауіпті дос": ІІМ ата-аналарға жаңа қауіп туралы ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram