Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда қарызға байланысты бірнеше тұрғын үй кешенінде жарық өшірілуі мүмкін

    Шам
    Көрнекі фото: pixabay.com

    8 маусымнан бастап Алматы қаласы мен облысында электр энергиясы үшін төлемді уақытында төлемейтін тұтынушыларға электр қуатын беру шектелуі немесе толықтай тоқтатылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ АЖК-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

    "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалының мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша өңірдегі электр энергиясы үшін берешектің жалпы көлемі 34 млрд теңгеге жетті.

    Компания өкілдері қарыз көлемінің артуы энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысына қауіп төндіретінін айтуда. Осыған байланысты энергетиктер меншік иелері бірлестігі және көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы компанияларды тұрғындар төлеген ақшаны электр энергиясын жеткізушілерге уақытылы аударуға шақырды. 

    "Энергия таратушы ұйым шартта белгіленген мерзімде төлем жасалмаған немесе толық төленбеген жағдайда тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы", - делінген хабарламада.

    Алматыдағы ең ірі борышкерлер тізімі:

    • "Алма Сити" тұрғын үй кешені – 306,2 млн теңге;
    • "Шұғыла" ТК – 175,4 млн теңге;
    • "Жас Қанат" ТК – 122,9 млн теңге;
    • "Алатау Сити" ТК – 105,4 млн теңге;
    • "Кристалл" ТК – 82 млн теңге;
    • "Адель" ТК – 73,6 млн теңге;
    • Alem City ТК – 71,6 млн теңге;
    • Qargaly City ТК – 54,6 млн теңге;
    • "12 месяцев" ТК – 48,6 млн теңге;
    • "Мирас" ТК – 40,6 млн теңге;
    • Esentai City ТК – 32,2 млн теңге;
    • Dragon City ТК – 30,7 млн теңге;
    • "Дом на Абая" ТК – 28,7 млн теңге;
    • "Өжет" ТК – 26,3 млн теңге;
    • "Алтын Бұлақ-1" ТК – 22,8 млн теңге;
    • Ерменсай шағынауданы – 18,6 млн теңге;
    • AFD Plaza ТК – 15,3 млн теңге;
    • "Хан Тәңірі" ТК – 14,6 млн теңге;
    • "13-шағынаудан" ТК – 12,6 млн теңге;
    • "Амаль" ТК – 10,3 млн теңге;
    • Rams Luxury ТК – 9,1 млн теңге.

    Алматы облысындағы ірі борышкерлер:

    • Domus Qazagstan ЖШС – 93,5 млн теңге;
    • Newgen Electrical ЖШС – 67,3 млн теңге;
    • Domus Qazaqstan ЖШС – 37,2 млн теңге;
    • Semireche" ЖШС – 36 млн теңге;
    • Exclusive Home 2 ЖШС – 23,5 млн теңге;
    • Star Land ЖШС – 20,4 млн теңге;
    • "Аэропортная 58" МИБ – 17,6 млн теңге;
    • Aspan City ЖШС – 15,3 млн теңге;
    • "Компания ТехСервис" ЖШС – 15,3 млн теңге;
    • "Там Құрылыс" ЖШС – 6,9 млн теңге;
    • Del Construction ЖШС – 4,9 млн теңге.

    Электр энергиясын өшіру алдын ала ескерту жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

    Қарызын әлі өтемеген тұрғындарға берешекті мүмкіндігінше тезірек жабу ұсынылады. Әйтпесе, мәселе сотқа дейін жетуі мүмкін.

    Алматыда қарызға байланысты бірнеше тұрғын үй кешенінде жарық өшірілуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram