Талдықорғанда құтқарушылар үйдің төбесіне өрмелеп шығып алған жыланды ұстады
Жарияланған күні:
Талдықорғанда үйінің карнизінен жылан көрген тұрғын құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласындағы 3-бөлімше аумағында жеке тұрғын үйдің карнизіне жылан өрмелеп шығып алған. Хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар жедел оқиға орнына барды.
ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен жыланды қауіпсіз түрде ұстап, табиғи мекен ету ортасына жіберді.
ТЖМ өкілдері жабайы жануарлар мен жорғалаушыларды кездестірген жағдайда оларға жақындамауға және құтқарушыларға хабарласуға кеңес береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2385345-taldyqorganda-qutqarushylar-uiding-tobesine-ormelep-shygyp-algan-zhylandy-ustady/