Демалыс күндері Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық, қатты жаңбыр күтіледі
Жарияланған күні:
Синоптиктер 6-8 маусым аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде батыс циклоны өз әсерін сақтайды.
Сондықтан ел аумағында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі бұршақ күтіледі.
- 6-8 маусым күндері – елдің батысында;
- 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста;
- 8 маусымда солтүстік-батыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық күн райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді;
- солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды;
- орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі;
- оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады;
- оңтүстік-шығыста +30…+39°С қатты ыстық сақталады;
- шығыста ауа температурасының негізгі фоны +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384991-demalys-kunderi-qazaqstanda-40-gradusqa-deiin-ystyq-qatty-zhangbyr-kutiledi/