"Метромен байланыстырады": Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылады
Жарияланған күні:
Алматыда 6 маусымнан бастап №134 және №140 жаңа автобус бағыттары іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, жаңа бағыттар бойынша NomadBus ЖШС қызмет көрсетеді.
Күн сайын желіге Yutong маркалы 23 автобус шығады.
"Әр автобустың сыйымдылығы 90 жолаушыға арналған, бұл қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жылжымалы құрам жайлылығымен, кеңдігімен, қозғалыс тұрақтылығымен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада жаңа бағыттарды іске қосу тасымалдаушының жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылғаны қала бюджетінің қаражаты пайдаланылмағаны айтылған.
№134 бағыт Алматы-1 теміржол вокзалын "Автостанция" соңғы аялдамасымен байланыстырады.
Бағыттың ұзындығы – 39,7 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 05:50-ден 23:00-ге дейін қатынайды.
№140 бағыт "Райымбек батыр" метро бекетін "Таулы қырат" шағынауданындағы соңғы аялдамамен байланыстырады.
Бағыттың ұзындығы – 18,4 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 05:55-тен 23:00-ге дейін қатынайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384967-metromen-bailanystyrady-almatyda-zhanga-avtobus-bagyttary-ashylady/