Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Пәкiстан арқылы": Air Astana Дубаймен әуе қатынасын жандандырады

    Air Astana ұшағы
    Air Astana ұшағы. Иллюстрациялық фото: facebook.com/airastana

    Air Astana әуекомпаниясының ұшақтары Дубайға қайта қатынай бастайды. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Компанияның мәліметінше, Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр.

    "Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады", - делінген хабарламада.

    Ұшу кестесі кезең-езеңмен кеңейтілетін болады:

    Алматы-Дубай-Алматы

    • 15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
    • 22-28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
    • 29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
    • 6-12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)

    Астана-Дубай-Астана

    • 10-19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
    • 20-26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
    • 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер)
    • 3-9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)

    Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.

    "Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты ақпанның соңында Таяу Шығыс елдеріне соның ішінде Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатқан болатын.

    "Пәкiстан арқылы": Air Astana Дубаймен әуе қатынасын жандандырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram