Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада автокөлікті тұраққа қою ережелерін бұзғандарға бақылау күшейтілді

    Көлік тұрағы
    Көлік тұрағы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, автокөлік құралдарын тұраққа қою және тоқтату қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Әкімдік мәліметінше, Айтматов көшесінде орналасқан көпқабатты үй тұрғындарының өтініші негізінде кезекті тексеріс жүргізілді. Тұрғындар көлікті тұраққа қою қағидаларының жүйелі түрде бұзылатынын, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орындарын заңды құқығы жоқ жүргізушілердің иеленіп жүргенін хабарлаған.

    Оқиға орнына жедел барған қызметкерлер құқық бұзушылық фактілерін толық растады. Тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Уәкілетті органдар қаладағы жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда екенін еске салады. Астанада құқық бұзушылықтарды анықтау және тіркеу үшін заманауи техникалық құралдар пайдаланылады. Мобильді және стационарлық бақылау жүйелері көлікті тоқтату мен тұраққа қою қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейді.

    ""Тұраққа қоюға тыйым салынады", "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерінің талаптарын бұзған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды заңсыз иеленген көліктер айыппұл тұрағына эвакуациялануы мүмкін.

    Құқық қорғау органдары көлік иелерінен жолдар мен аулалардағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екеніне назар аударуды сұрайды. Дұрыс қойылмаған автокөлік немесе көру мүмкіндігін шектейтін кедергілер жаяу жүргіншілер үшін үлкен қауіп төндіреді. Олардың қатарында егде жастағы адамдар, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар және ең бастысы балалар бар", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Астанада автокөлікті тұраққа қою ережелерін бұзғандарға бақылау күшейтілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram