Экс-министр Мұхамедиұлымен байланысты компания иелігінен 1,3 млрд теңгелік актив мемлекетке қайтарылды
Жарияланған күні:
Алматы прокуратурасы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыз үлесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, жеке заңды тұлға заңсыз жекешелендірген "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыз үлесі мемлекетке қайтарылды.
2015 жылы мекеменің жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған.(Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат).
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген.
Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылатын болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384799-eks-ministr-muhamediulymen-bailanysty-kompaniia-ieliginde-bolgan-quny-1-3-mlrd-tengge-aktiv-memleketke-qaitaryldy/