Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    5 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

    Қала үстіндегі найзағай бұлттары
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    Ертең, 5 маусымда елдің біршама бөлігінде күн райы бұзылады. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК синоптиктері ескерту жасады деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ.

    Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

    Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

    Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

    5 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram