Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда зейнетақы өсе ме: еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай сенат кулуарында еліміздегі зейнетақы индексациясы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандағы барлық зейнетақы төлемі елдегі әлеуметтік-экономикалық болжамға сай жыл сайын индекстеледі. Бұл туралы сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлім етті.

    Оның сөзінше, индекстеу кезінде болжамды инфляция мөлшері ескеріледі.

    "Барлық зейнетақы төлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай жыл сайын индекстеледі. Бұл инфляция өсімінің орташа шекті мөлшері арқылы анықталады", - дейді Шегай.

    Сонымен бірге ол кей жағдайда зейнетақыны қосымша индекстеу туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін де атап өтті.

    "Жекелеген кезеңдерде және тек мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана қосымша индекстеу туралы шешім қабылданады. Бүгінгі күні мұндай мәселелер қарастырылмайды", - деп сөзін түйіндеді министр.

    Қазақстанда зейнетақы өсе ме: еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram