Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    4 маусым – Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке ел егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын дәріптейді, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

    Осы орайда Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.

    Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!", – деді облыс әкімі.

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram