Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ұлытау облысында "Рәміздер рухы – Конституция күші" атты Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

    Рәміздер рухы – Конституция күші!
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Айрықша мәнге ие мерекелік іс-шараға облыс әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, әскери қызметшілер, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

    Рәміздер рухы – Конституция күші!
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран асқақтай шырқалды. Жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаған облыс әкімі Дастан Рыспеков Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары саналатын Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы тарихи маңызына ерекше тоқталды.

    Рәміздер рухы – Конституция күші!
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    "Биылғы мерекенің тағылымдық мәні терең. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заңымыздың маңызын айшықтау мақсатында бұл күн "Рәміздер рухы – Конституция күші" тақырыбымен өтіп отыр. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – жай ғана ресми белгілер емес, олар – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігінің айғағы, заң үстемдігі мен әділетті қоғамның символы", – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

    Рәміздер рухы – Конституция күші!
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Мерекелік шара аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндер шырқалып, көпшілікке арналған мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

    Рәміздер рухы – Конституция күші!
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ұлытау облысында "Рәміздер рухы – Конституция күші" атты Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram