Атырауда полицей нидерландтық туристердің аманат етіп тапсырған мотоциклін екі жыл сақтап келген
Жарияланған күні:
Атырау облысында жол апатына түсіп, еліне қайтуға мәжбүр болған Нидерланд азаматының мотоциклін қазақстандық полиция қызметкері екі жыл бойы сақтап келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патрульдік полиция ротасының қызмет аға инспекторы полиция капитаны Ернар Қайржанов шетелдік саяхатшының өзіне аманаттап тапсырған екі мотоциклін екі жылдан астам уақыт сақтап, иесіне табыстады.
Полиция департаментінің мәліметінше, Нидерланд азаматы жол-көлік оқиғасынан кейін еліне оралып, ұзақ ем қабылдауға мәжбүр болған.
Арада жылдар өткен соң Қазақстанға қайта оралып, өзіне ерекше қымбат мотоциклдерін сол күйінде көріп, ризашылығын білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384421-atyrauda-politsei-niderlandtyq-turisterding-amanat-etip-tapsyrgan-mototsiklin-eki-zhyl-saqtap-kelgen/