Көлік айрығын салу: Астанада көшелердің бірі бір айға жабылады
Жарияланған күні:
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Әкімдіктің мәліметінше, "Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу" жобасы аясында Тілендиев даңғылында жол жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер қойылады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384295-kolik-airygyn-salu-astanadagy-koshelerding-biri-bir-aiga-zhabylady/