Қосымша бір күн демалыс: қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды мемлекеттік eGov.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін мемлекеттік мереке Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.
Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан яғни 4, 5 және 6 шілде күндері демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 5, 6 шілде демалыс.
Жалпы алғанда, шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары тоғыз күн, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384252-qosymsha-bir-kun-demalys-qazaqstandyqtar-shildede-qansha-kun-demalady/