Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Аптасына төрт рет": Алматыдан Еуропа елдерінің біріне тікелей әуе рейсі ашылады

    Варшава
    Варшава. Фото: Jaap Arriens/NurPhoto via Getty Images

    31 мамырдан бастап Алматы тұрғындары мен қонақтары Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады. Әуе рейсі аптасына төрт рет орындалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Әкімдіктің мәліметінше, Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады.

    Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады.

    "Жаңа бағыттың ашылуына орай 1 маусым күні Алматыға польшалық туроператорлар мен тревел-блогерлерден құралған делегация келеді. Қонақтар үшін қаламен танысуға арналған мазмұнды бағдарлама әзірленген.

    Бағдарлама аясында олар Алматының басты көрікті жерлерін, заманауи туристік инфрақұрылымын, гастрономиялық орындарын аралап, Іле Алатауындағы демалыс аймақтарына барады.

    Сонымен қатар Польша туристік индустриясының өкілдері алматылық туроператорлар және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды", - делінген хабарламада.

    "Аптасына төрт рет": Алматыдан Еуропа елдерінің біріне тікелей әуе рейсі ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram