Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде автокөлік велосипедшілер колоннасына соғылды

    Жол апатына түскен көлік пен велосипедшілер
    Жол апатына түскен көлік пен велосипедшілер. Кадр: vkvideo.ru/moygorod_uk

    Өскеменде жеңіл көлік велосипедшілер колоннасына соғылған. Салдарынан кәмелетке толмаған 6 жасөспірім медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ШҚО ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Өскеменде, 27 мамырда болған. Ертіс өзеніндегі көпір бойымен қозғалып келе жатқан Toyota Avensis жүргізушісі көлігін екінші жолаққа қарай бұру кезінде қауіпсіздікке назар аудармастан, велосипедшілер колоннасына соғылған.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған 6 велосипедші медициналық көмекке жүгінген.

    Аталған дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Өскеменде автокөлік велосипедшілер колоннасына соғылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram