Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Блогер Сәуле Базарханның өлімі: мәжіліс депутаты клиникаларға қатаң тексеріс қажеттігін айтты

    Ота бөлмесі
    Ота жасап жатқан дәрігерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов палата кулуарында Алматыдағы косметологиялық клиникада көз жұмған әйел туралы айтты. Ол мұндай жеке меншік клиникаларға мұқият тексеріс қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер депутат Мұрат Әбеновтен косметологиялық процедура кезінде әйел көз жұмған клиниканы тексеру қажет пе деп сұрады.

    "Кей олигархтар бізде медициналық қызметпен айналысты. Түрлі лаборатория ашып тастаған. Тексеру жүргізген оларға тиімсіз екені түсінікті. Алайда былтыр біз оларға мұндай ұйымдарды тексеру құқығын қайтарып алдық.

    Жаңа туған сәби қайтыс болған кезде тексере алмаған жағдайлар болған. Себебі оған Кәсіпкерлік туралы кодекс тыйым салған. Алайда Конституцияда мемлекет үшін басты құндылық - адам өмірі екені айтылған. Былтыр біз тексеріс жасау құқығын қайтардық. Мұнда енді қатаң тексеру жүргізу қажет", - деді Әбенов.

    Оның сөзінше, барлық препараттың сертификаты болуы керек.

    "Бір аптаның ішінде болған екі өлімнен біз бұл саладағы бейберекеттік қаншалықты болғанын көріп отырмыз.

    Жастар арасында түрлі оталар танымал болып жатыр, бұл қауіпсіз емес. Бір қарағанда қауіпсіз косметологиялық процедура секілді, бірақ препараттардың құрамының қаупі көп. Себебі анафилактикалық шок жас қыздың да ажал құшуына себеп болады", - деп түйіндеді депутат.

    Блогер Сәуле Базарханның өлімі: мәжіліс депутаты клиникаларға қатаң тексеріс қажеттігін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram