jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    1 маусымнан бастап Ресейге жүк жеткізу тәртібі өзгереді

    Жолдағы жүк көліктері
    Жолдағы жүк көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    1 маусымнан бастап Ресейде автокөлікпен тауар жеткізу кезінде күтуді растау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

    Жаңа тәртіп бойынша жүк жөнелтушілер 1 маусымға дейін жеткізілім туралы мәліметті алдын ала тіркеп, арнайы құжат рәсімдеп, QR-код алуы қажет.

    Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында өткен кеңесте талқыланды. Федералдық кеден қызметі жүйені кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

    Департамент мәліметінше, Ресейдегі алушы QR-кодын алдын ала рәсімдеуі міндетті.

    • QR-код жүргізушіде болуы тиіс - басып шығарылған немесе электронды түрде;
    • QR-код жоқ болса, кіруге тиым салынады және көлік қайтарылады;
    • Кодтағы деректерді тауар құжаттарымен салыстырып тексеру қажет.
    1 маусымнан бастап Ресейге жүк жеткізу тәртібі өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.