jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бишімбаевтың адвокаты медаль алды

    Ерлан Ғазымжанов
    Ерлан Ғазымжанов. Фото: Facebook/Ерлан Газымжанов

    Экс-министр Қуандық Бишімбаевты сотта қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов әлеуметтік желілерде Қазақстан адвокатурасы күніне орай медаль алғанын жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "5 желтоқсанда, Қазақстан адвокатурасы күнінде, мен кәсібилігі үшін медалімен марапатталдым. Ол мен үшін еңбегім мен жеткен жетістіктерімнің белгісі ғана емес, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау жолында шабыт беретін сыйлыққа айналды", - деп жазды Ғазымжанов Instagram-дағы парағына.

    Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты атышулы сот процесінде Қуандық Бишімбаевтың мүддесін Назкен Құсайынова, Лейла Рамазанова және Ерлан Ғазымжанов қорғаған.

    Осы сотта жәбірленуші тарап мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақова "Ерен еңбегі үшін" медалін алғанын хабарлаған. Оның айтуынша, тиісті құжатқа Республика күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

    Қазанның аяғында Бас прокуратура да мемлекеттік сыйлықтар тапсырған. Оларды алғандар арасында Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековтер бар. Бұл екеуі Бишімбаев ісінде айыптаушы тарап жағынан сотқа қатысқан.

    Бишімбаевтың адвокаты медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.