Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін Тель-Авивке ұшып кетті

    Air Astana ұшағы
    Air Astana ұшағы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін Тель-Авивке ұшып кетті. Бұл туралы әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:00-де Air Astana ұшағы Алматыдан Тель-Авивке ұшқан.

    Қазақстандықтарды алып қайтатын ұшақ Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:45-те келеді деп жоспарлануда.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Азаматтық авиация комитеті 10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

    Израильдегі жағдай

    7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

    Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

    Свежая публикация по теме:
    Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты

    Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

    8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

    Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль-Палестина қақтығысынан 1000-нан аса адам қаза тапқан.

    Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін Тель-Авивке ұшып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram