Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға жаңа көлік сыйға тартты

    Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады
    Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады. Видеодан кадр: Instagram/a1darbek

    Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Астанада ерекше құрмет көрсетілді. Мәжіліс және мәслихат депутаттары спортшыға су жаңа көліктің кілтін табыстаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мәжіліс депутаты, "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров Әбиба Әбужақынованы күтіп алған сәттен видео жариялап, көпшілікке оған автокөлік сыйлағанын жария етті.

    "Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Бейнежазбада жиналған көпшіліктің Әбиба Әбужақынованы әуежайдан ерекше күтіп алғанын көруге болады. Жанкүйерлер дзюдошыға гүл шоқтарын тарту етіп, құрмет көрсетті.

    Ал "Республика" паритясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен мәслихат депутаты Қайрат Маишев спортшы аруға жаңа көліктің кілтін тарту етті.

    Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға жаңа көлік сыйға тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram