Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы жартылай финалда сынға түсті

    Георгий Борода-Дудочкин
    Георгий Борода-Дудочкин. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекеге қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жартылай финалда спортшылар 200 метрге еркін әдіс арқылы жүзу, конкур (атпен шабу), семсерлесу және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) сайыстары бойынша бақ сынады.

    А тобының жартылай финалдық бәсекесінде жалпы саны 18 спортшы шеберлік байқасты. Финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алады.

    Георгий Борода-Дудочкин жалпы саны 1452 ұпай жинақтап, 16-орынға жайғасты.

    Айта кетейік, кеше 8 тамызда Георгий Борода-Дудочкин ерлер арасындағы жарыста рейтингтік раундта 36 спортшының ішінде 35-орынға тұрақтады. Ол 10 рет жеңсе, 25 мәрте жеңіліп, 175 ұпай жинады.

    Ал әйелдер арасындағы сайыста Елена Потапенко 36 спортшының ішінде 27-орынға тұрақтады. Ол 15 рет жеңсе, 20 мәрте жеңіліп, 200 ұпай жинады.

    Қазақстандық спортшы жартылай финалда сынға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram