Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Тағы бір қазақстандық садақшы Олимпиаданың алғашқы айналымында сүрінді

    Дәулеткелді Жаңбырбай
    Дәулеткелді Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

    Садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасының 1/32 финалында жекелей сында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дәулеткелді Жаңбырбай колумбиялық садақшы Хорхе Энрикеспен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде Энрикес 7:3 есебімен ұтты.

    Осыған дейін тағы бір қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Олимпиаданың алғашқы кезеңінде канадалық Эрик Питерстен 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    28 шілдеде садақ атудан Қазақстан құрамасы командалық сында Италиямен сайысып, есе жіберген еді (4:5). Ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық мергендер жұбы Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлде еншілеген еді. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал 28 шілдеде тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

    Тағы бір қазақстандық садақшы Олимпиаданың алғашқы айналымында сүрінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram